Павлодар облысы білім беру басқармасы,Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Аққулы жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села Аққулы " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области |
|
---|
20
Қараша
2024
|
2024 жылдың 15 қараша күні мектеп түлектерімен ҰБТ бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мектеп басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Е.Мырзатаева "Ұлттық бірыңғай тестілеу - 2025" ережелерімен таныстырып, түлектердің сауалдарына жауап берді.
17
Қазан
2024
|
Құрметті Аққулы ауданының тұрғындары!
Өкінішке орай, біздің ауылдастарымыз алаяқтардың құрбаны болуды жалғастыруда.
Қаскүнемдер өздерін банк, Казпочта қызметкерлері, тіпті таныстар мен жақын адамдар ретінде көрсетіп, сенімді түрде түрлі манипуляцияларды жасауды сұрайды.
Сол себепті, сіздерден тағы да өтінемін:
- күмәнді әңгімелер мен хат алмасуларды тоқтатып, ақпаратты полицияның 102 нөмірі арқылы қайта тексеріңіздер;
- белгісіз сілтемелерге өтпеңіздер;
- қашықтан қол жеткізуге арналған ұсынылған бағдарламаларды жүктемеңіздер;
- жеке деректеріңізді, жіберілген кодтар мен құпиясөздерді ешкімге бермеңіздер;
- банктің немесе микроқаржы ұйымдарының ресми өкілдерімен қайта тексермей, несие рәсімдемеңіздер;
- егер мәміле күмәнді пайдамен немесе тауар тым төмен бағамен ұсынылса, ақшаны бермеңіздер;
- өз құқығыңызды пайдаланып, әңгімені мемлекеттік тілге ауыстыруға тырысыңыздар.
Ескертемін – бұл алаяқтар болуы мүмкін!
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз, осы ақпаратты әр адамға жеткізіңіз.
Құрметпен, Аққулы ауданының прокуроры С. Асаинов.
18
Қараша
2024
|
2024 жылдың 18 қараша күні 9 сынып оқушыларының ата-аналарымен “Қорытынды аттестаттау -2025” тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында мектеп басшысының орынбасары Б.Е.Мырзатаева ата-аналарға қорытынды емтихандар туралы ақпарат берді. Ата-аналар төмендегі сауалдарға жауап алды:
2025 жылы 9 (10) сыныптарда қорытынды аттестаттау (қорытынды емтихандар, МҚА) қашан өтеді?9 (10) сыныптан кейін мемлекеттік емтихандарда қандай пәндер алынады?
Кім мемлекеттік емтихандардан босатылады?
Емтихан алдында ауырып қалсаңыз немесе мемлекеттік емтиханнан нашар баға алсаңыз не болады?
Қандай жағдайларда қорытынды аттестациядан мерзімінен бұрын өте алады?
9 (10) сынып оқушыларының қорытынды аттестаттау ұпайларын емтихан бағасына қалай айналдырады?
Аққулы ауылының жалпы білім беру мектебінде Тілдер айлығы аясында 9 «ә» сынып оқушыларымен «Сөзмерген» сайысы ұйымдастырылды.
Пән мұғалімі: К.Ж.Елеусизова
11
Қараша
2024
|
2024 жылдың 11 қараша күні 11 сынып ата-аналарымен ҰБТ-ге және қорытынды аттестаттауға дайындық сұрақтары бойынша жиналыс өткізілді. Мектеп басшысының орынбасары Б.Е.Мырзатаева ҰБТ ережелері, әкімшілік тестілеу нәтижелері, қорытынды аттаестаттау ережесі, консультация, мемлекеттік емтихандар мерзімдері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
2
Қыркүйек
2024
|
Бүгін, 2-қыркүйек, 5 “А” сыныбында “Менің Отаным - Қазақстан!” 🇰🇿 тақырыбында сынып сағатты өтті.
Сынып сағатының мақсаты:
1. Оқушылардың Қазақстан туралы ой-өрістерін кеңейту.
2. Өз халқымыздың әдет-ғұрыптарына, салт-дәстүріне, әдебиеті мен мәдениетіне деген танымдық қызығушылықарын ояту.
3. Туған жерін сыйлауға,бағалай білуге,Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.🇰🇿
Сынып жетекшісі: Аринова Д.А.
18
Қазан
2024
|
Аққулы ауылының жалпы білім беру мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің апталық жоспарына сәйкес 7 сыныптар арасында “Қыз Жібек “жыры бойынша иллюстрациялық суреттер байқауы өткізілді.
Пән мұғалімдері:
Мырзатаева А.Е.
Елеусизова Қ.Ж.
30
Қаңтар
2024
|
2024 жылдың 23 қаңтарында «Robotek Grand Tournament» республикалық чемпионатының облыстық кезеңінде «Интерактивті сызық бойымен жарыс» санаты бойынша «ТехноДуо» командасы, 6 орыс сыныбының оқушылары Серікболұлы Мансур, Джуламанов Ерназар - 3 орын, «Мерген-жоғары санаты» бойынша «Робо 7» командасы, 9 а сыныбының оқушылары Рахим Аңсар, Құдайберген Айтуар - 3 орынды иеленді.
Жетекшісі: мектебіміздің информатика пәнінің мұғалімдері Омаров Ж.М., Аринова Д.А.
Құттықтаймыз!