Лебяжі мектебінің тарихы
1872 ж – негізгі мектеп (мұрағат деректері бойынша төртжылдық мектеп). Тұрғындар және Шишкиннің ауқатты жесірі Лебяжі селосында шіркеу мен екі бастауыш мектеп салды. Оның тұңғыш ұстазы А.В Станкеевич пен поп болды.
Лебяжі орта мектебі 1941 жылы ашылды. Бес оқу бөлмесі ғана бар бұл шағын мектеп үйі қиын-қыстау кездері жеделдетіп салынды. 1944 жылдың шілдесіне берілген мәлімет бойынша Лебяжі ауданына 527 отбасы немесе 2326 адам айдаумен келіп қоныстанған. Сол сияқты, ұстаздар да осы адамдар есебінен толығып отырды. Мәселен, Алмаза Макшариповна Джанхотова , Павел Доржиевич Сангалжиев, Татьяна Захаровна Ковалева, Елена Петровна Мартина, Альфред Эвальдович Гурр Аққу өніріне осылай тағдырдың айдауымен келген адамдар еді. Олар жаңа ортада қызмет жасап, елдің құрметіне бөленді. Тек 1957-58-59 жылдары ғана жоғарғы білімді ұстаздар көптеп келе бастады. “Алғашқы қарлығаштар” Жәнтемір Сәкенов, Жұпар Мүтішқызы Баймағамбетова, Тасыбек Байсалов, Нәзір Хасенов, Геннадий Смакотин, Еркін Әубәкіров, Кәркен Молдакәрімов, тағы басқалары болды. Бұл адамдар өздерімен елге жоғары мәдениет үлгісін, өнерге құлшынысты бірге ала келді. Олар ауданның мәдени өміріне, спортқа белсене араласып, жетіліп келе жатқан жастарды да осыған баулыды.
Алғашқы мектеп ескі Лебяжі жақтағы қазіргі Ертіс өзені саласының орнында болған .
Отан соғысы аяқталған соң, шамасы 1946 жылы қыс айларының бірінде, мектеп ғимараты өртеніп кеткен соң, орман шаруашылығынан құрылыстық материалдар дайындап салу үшін, колхоздардан ағаш шеберлерінен бригада ұйымдастырылды.
Мекетепті келесі оқу жылына мерзімінде даярлап біткенше ескі аман қалған қосымша ғимаратта сабақ 3 кезеңмен оқытылды. Әкем – Әміржанов Тәшмағамбет (Тәшен) 1946 жылы «Жас еңбек» колхозында басқарма төрағасы болып еңбек етіп жүрген кезінде аудан, огрталығындағы мектепті салуға әр ауылдардан ағаш шеберлерін,балташыларды жұмылдырды.
Шындығында «Еңбек ерлікке жеткізер, ерлік елдікке жеткізер»-деген ұлылардың ұлағатты сөздері осы мектепті тез арада әсем етіп жұмыла көрсеткен еңбектерінің жемісті айғағын, осы қол ұшын берген абзал аталарымыздың еңбегінің нәтижесі екендігінде күмән жақ.
Бұл күнде осы аталарымыздың арамызда болмағанымен арттарында олардың қайырлы істерін жалғастырушы ұрпақтары еліміздің тәуелсіздікке қолы жеткен кезде өз еңбектерімен келешек ұрпаққа өнегелі үрдістің мерейлі табыстарын көрсетуде. міржанов Мэлістің қолжазбасы